Тоқаев астаналық оқушыға сыйлық жасады

2 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: АқордаАстаналық Кемел Жүсіпов есімді оқушыға Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолтаңбасы мен тілегі жазылған кітап сыйға тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы бала Instagram-парақшасында айтты. Кемел өз туған күнінде Президентке хат жазған.


"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым сіздің әкеңіздің атындай - Кемел. Бүгін менің туған күнім және осыдан тура 12 жыл бұрын ата-анам маған осы есімді қойған. Мен Астанада тұрамын. Қазақстан тарихын, дүниежүзілік тарихты және географияны жақсы көремін және оқимын. Әртүрлі елдің банкноттары мен тиындарын жинаймын. Мен саяхаттауды жақсы көремін және әлемнің төрт елінде болдым. Мен бүкіл әлемді аралауды армандаймын. Менің әрбір сапарым жаңа таныстық, адамдармен араласу. Сізді көріп, сөйлесіп, қолтаңбаңызбен "Әке туралы сөз" жазылған сыйлық алуды армандаймын. Менің хатымды оқып, арманым орындалады деп сенемін", – деп жазды жасөспірім.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.