Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп пайдалануға беріледі
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бастау алған болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл бастама Сыр өңірінде де жалғасын тауып, 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарлануда. Осыған сәйкес, биыл 10 мектеп, 2025 жылы 11 білім нысаны ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.
Нәтижесінде, апатты мектептер мен орын тапшылығы мәселелерін оңтайландыруға мүмкіндік болмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов хабарлады.
Брифинг барысында басқарма басшысы жазғы тынығу лагерьлерінің жұмысына да тоқталып өтті. Жалпы, өңірде 1-10 сыныпта оқитын 173 мыңнан астам оқушы бар. Бүгінде оның 98 пайызын жазғы тынығу лагері және еңбекпен қамту жоспарлануда. Облыс бойынша жазғы демалысты ұйымдастыруға 2 518 педагог, 38 белсенді студенттер мен 23 ерікті тартылмақ. Одан бөлек, қала сыртындағы 8 лагерьде 7 мыңнан астам бала демалса, аймақтан тыс жерде орналасқан лагерьлерде 5 646 оқушы демалыспен қамтылмақ.
Қаз
Рус






