90% мектепте инклюзивті білім алуға жағдай жасалған

2 577

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігіЕлімізде арнайы білім беру ұйымдарының желісі жыл сайын көбейіп келеді. Мектептердің 86%-дан астамы инклюзивті білім алуға жағдай жасаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Балаларды оқу-тәрбие процесінде сүйемелдеу үшін педагог-ассистент штаты енгізілді. Қазір олардың саны 2,5 мыңнан асты.


«Оқу-ағарту министрлігі «Дара» қорымен бірлесіп 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ерте қолдау» жобасын іске асыруда. Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар. 500-ге жуық білім беру ұйымы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзету-білім беру қызметтерін көрсетіп келеді. Сондай-ақ 1051 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері жұмыс жасайды», – дейді инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.


2019 жылдан бастап арнайы білім беру ұйымдарының желісі 83 бірлікке, ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту 20%-дан астамға ұлғайды. Бүгінгі таңда балалардың 76%-ы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.