2024 жылдың басынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 28 мың жаңа орын ашылды

2 578

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov.kzҚазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтуды арттыру мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың және жаңа орындарды ашудың қадамдық жоспары әзірленіп, бекітілді.

 

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша балабақшаларда жаңадан 28 мыңға жуық орын ашылды. Осылайша, балаларды сапалы түрде мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 91,5%-ға өсті.

 

«Жаңа орындарды ашу - жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды салу, реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке балабақшаларға орналастыру есебінен жоспарлануда. Бүгінде ол бойынша Павлодар облысы жоғары көреткішке қол жеткізді», - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.


Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы саны 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасауда. Онда барлығы 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Биылғы жылы 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамту көрсеткішін 92,5%-ға дейін арттыру жоспарланған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.