«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

2 560

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Астана әкімдігіЕліміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Өздеріңіз де білетіндей, жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін елміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акция оқу жылында дайындық кезеңінде аз қамтылған отбасылардың балаларын демеушілік қолдау көрсетуге бағытталған», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.


Оның атап өтуінше, акция барысында «жедел желілердің», «сенім телефондарының», қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж немесе қолдау көрсетуге дайын жандар Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 74-25-28 сенім телефонына немесе «BALA QORǴAÝ» Telegram чатына жүгіне алады.


«Комитет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға бей-жай қарамайтын, жүрегі кең азаматтарды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырады», - деді Насымжан Оспанова.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.