Келесі жылдан бастап ірі мектептерде стоматология кабинеттері ашылады

2 236

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comОқу ағарту министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп бірқатар жобалар жүзеге асыратынын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қос министрлік білім беру ұйымдарында медициналық қызметті ұйымдастыру, инклюзивті кабинеттер, сондай-ақ педагогтердің денсаулығын сақтау, психологтардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істемек.

Мәселен, санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен кейбір нормативті-құқықтық актілер қайта қаралмақ.

“Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен балалардың денсаулығын нығайту бойынша бірлескен жоба аясында келесі жылдан бастап ірі мектептерде стоматология кабинеттері ашылады” делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік сапалы тамақтануды ұйымдастыру үшін мектеп асханаларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілетінін, ол мектептегі тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұрын орын алған келеңсіз жағдайларға жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталғанын атап өткен. Елде облыстық басқармалар мен аудандық білім бөлімдерінің жанынан барлығы 222 ведомствоаралық сараптамалық топ құрылған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.