Елімізде алғашқы Абай ұлттық мектебі ашылады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда "ABAI ULTTYG MEKTEBI" алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жаңа білім ошағы Абай философиясына, оның ішінде "бес асыл" іс идеясына негізделеді. Оқу процесі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған.
Ол үшін Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толық көлемде қолданылады.
Айта кетейік, жаңа білім ошағының құрылысы былтыр қараша айында басталған еді.
Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушы орнына арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған.
Қаз
Рус






