Алматылық оқушы Айви Лигасына кіретін университтен шақырту алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
17 жастағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Иманәлі Көксал Пенсильвания университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұған оның оқудағы жетістігі мен робототехникаға деген құштарлығы себеп болды.
Иманәлінің робототехникаға деген қызығушылығы 7-сыныпта басталған. Ал халықаралық First Global Challenge (FGC) байқауына қатысуы оның бұл құштарлығын еселей түскен.
Дәл сол уақытта Қазақстан құрамасы робототехника бойынша екінші рет әлем чемпионы атанды. Дарынды оқушы инновациялық жобаларды әзірлеумен де белсенді айналысады. Мәселен, ол есту қабілеті нашар адамдарға арналған ақылды сағат жасап шығарды.
Иманәлі болашақта Қазақстанның технологиясы мен экономикасын дамытуға үлес қосқысы келеді. Сондықтан Пенсильвания университетін таңдағанын айтады.
Қаз
Рус






