Енді халықаралық ғылыми жарыстарды жеңген мектеп оқушыларына ақшалай сыйлық беріледі

2 689

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comХалықаралық ғылыми жарыстарда жеңімпаз атанған мектеп оқушылары енді ақшалай сыйлыққа ие болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге мәдениет және білім беру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасына депутаттар бастамашы болды.

Заң жобасы аясында халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға біржолғы төлем қарастырылады. Бұрын мұндай төлемдерді тек халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ғана алатын.

Бұл норма дарынды балалар мен олардың мұғалімдерін қолдауға бағытталған. Оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қазанда мәслихат депутаттарының форумында айтқан. Осы санаттағы оқушыларға төленетін ең жоғары төлем 1500 АЕК немесе 6 миллион теңге шамасында болуы мүмкін.

Сонымен қатармектеп жасындағы балаларға мәдени іс-шараларға қатысу үшін берілетін "Ақылман картасы" жобасын енгізу қарастырылған. Мектеп жасындағы балаларға абонемент жергілікті өкілді органдардың шешімімен беріледі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.