Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

2 607

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігіҮшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21 наурызы мен 2025 жылдың 31 наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады.


Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне: отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:


• театр фестивальдері мен қойылымдары;

• шеберлік сабақтары;

• қауіпсіздік сабақтары;

• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;

• спорттық ойындар;

• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.