Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

2 254

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comПремьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев елде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау жүргізілуде екендігін атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бүгінде дефектолог, логопед, нейропсихолог, әлеуметтік педагог және басқа да мамандарға сұраныс жоғары. Арнайы білім беру саласындағы мамандарды еліміздегі 17 жоғары оқу орны дайындайды.


"2024–2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша: бакалавриатқа – 656 грант, магистратураға – 150, докторантураға – 13 грант бөлінді", – делінген Көшербаевтың депутаттық сауалға жауабында.

Білім беру бағдарламаларының тізіліміне 62 бағдарлама енгізілген:

  • "Арнайы педагогика",
  • "Арнайы педагогика: аутизм спектрі бұзылған балаларды сүйемелдеу (IP)",
  • "Арнайы педагогика: тифлопедагогика",
  • "Арнайы педагогика: инклюзивті білім беру",
  • "Ерте қолдау педагогикасы (IP)",
  • "Эргопедагогика (IP)" және т.б.

Сондай-ақ, арнайы білім берудің кәсіби стандартына жаңа мамандықтар қосылғаны хабарланды:

  • ерте қолдау көрсету педагогі,
  • эргопедагог,
  • қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекет бұзылыстары немесе қиындықтары бар балалармен жұмыс жөніндегі педагог,
  • психикалық дамуы тежелген және оқуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жөніндегі педагог.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.