Мектепке дайындық: 46 228 теңге кімдер алады?

2 281

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ашық дереккөздерденҚазақстанда әлеуметтік осал отбасылардың балаларын мемлекет есебінен мектепке дайындау шаралары басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, биыл жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мыңнан астам адамға – жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қаржылай көмек беріледі.

Министрлік хабарлауынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.

Жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшоттарына әрбір бала үшін 46 228 теңге аударылады. Осы ақшаға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға мүмкіндік болады.

Айта кетейік, былтыр да 500 мыңнан астам баланың ата-анасына 22,2 млрд теңге аударылды. Сол кезде әрбір балаға 45 мың теңгеден шыққан.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.