Мектептер мен балабақшаларда таңғы фильтр енгізілді

2 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:onclinic.uaАстанада тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша жағдайлардың өсуіне байланысты мектептер мен балабақшаларда таңғы фильтр жүргізу міндеттелді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, сабақ басталар алдында және әр ауысымда барлық оқушы, балабақша тәрбиеленушісі мен педагог ЖРВИ белгілеріне тексеруден өтеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда бала немесе қызметкер оқу орнына кіргізілмей, үйіне қайтарылады.

Сыныптағы оқушылардың 30% немесе одан көп бөлігінде ЖРВИ расталса, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін сынып қашықтан оқуға ауыстырылады. Ал бір сыныптағы ауырғандар 20–30% аралығында болса, кабинеттік оқыту тоқтатылады және он күн бойы жаңа оқушылар қабылданбайды.

Қаулыда қосымша санитарлық талаптар да қарастырылған:

Оқу бөлмелерінде температура +18…+22°C деңгейінде сақталуы тиіс;

Үзілістер 10–15 минутқа дейін ұзартылды;

Мектептерде мәдени, мерекелік және спорттық жаппай шаралар уақытша өткізілмейді;

Әр қабатта немесе сынып жанында ЖРВИ белгілері бар балаларды анықтау үшін санитарлық посттар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, ауырғандардың 25%-ы мектеп оқушылары (3430 жағдай), ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында тұмаудың A(H3N2) – гонконгтық штаммы 23% жағдайда тіркелген.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.