Олжас Бектенов: Элиталық мектептерге бюджеттен қаржы бөлуді тоқтату керек

2 553

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ЖИ/stock.adobeЖеке меншік мектептердің стандартқа сәйкестігі тексеріледі. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

— Оқу-ағарту министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жаңадан ашылатын жеке меншік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізуді тапсырамын. Мемлекеттік қаржыландырумен өңірлердің оқушы орындарына деген шұғыл қажеттілігін жабатын жекеменшік мектептер ғана қамтамасыз етілгені жөн. Қымбат элиталық мектептерді қаржыландыруды тоқтату керек, — деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне бір айдың ішінде жеке меншік оқу орындарының жаңа стандарттарға сәйкестігін тексеруді тапсырды.

— Нәтижесі бойынша ақпарат енгізілсін, — деді Премьер-министр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.