6-сынып оқушысы мектеп баспалдағынан құлап, көз жұмды

2 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАлматы облысының Қонаев қаласында алтыншы сынып оқушысы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханада көз жұмды. Бала басынан ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, оқушы келесі күні ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 16 қараша күні Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназияда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс жағдай сағат 12:30 бен 13:00 аралығында, сабақ басталмай тұрып болған.

Белгілі болғандай, алтыншы сынып оқушысы мектептің үшінші қабатындағы баспалдақтың сүйеніш қоршауымен сырғанап бара жатқан. Сол сәтте тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабаттың алаңына басымен құлаған.

Құлау салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалған. Зардап шеккен оқушы шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілген.

16 қараша күні кешке дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін ота жасаған. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, 17 қараша күні оқушы ауруханада көз жұмды.

Сондай-ақ қайғылы оқиға болған күні, яғни 16 қарашада, мектеп-гимназия ұжымы Гүлзат Тағанбайқызының білім ордасының директоры қызметіне қайта тағайындалуына байланысты құттықтау жариялағаны хабарланды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.