Үздік мұғалімдер үшін арнайы бағдарлама әзірленбек

480

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
 Министрлік мұғалім жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлейді.
Аймағамбетовтің айтуынша, мұғалім тапшылығы мен білім беруде үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілген. Олар: Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстары.
"Бұл өңірлерге жоғары оқу орнын бітірген ең үздік педагогтер тартылады. Оларға арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызмет төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылып жатыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол 2025 жылға қарай елде шетелдік бес жоғары оқу орнының филиалы ашылатынын хабарлады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.