Келесі аптадан бастап Қазақстандағы бүкіл оқушылар мектепке барып оқиды

310

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Келесі аптадан бастап мектептердің бәрі дәстүрлі режимде жұмыс істейді,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

«Өзіңізге белгілі, омикронға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған болатын. Қазір жағдай бақылауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі - жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады», - деген вице-премьер бизнеске жағдай жасау үшін шектеулер тәртібі өзгертіліп жатқанын еске салды.


«Осыған байланысты 24 қаңтарда өзіңіз берген бизнеске жағдай жасау туралы тапсырмаңызға байланысты оларға жол ашу үшін негізгі карантин шаралары алынып тасталды. Сонымен қатар кеше ғана қазақстандық және шетелдік азаматтардың елге кіріп-шығуын жеңілдету үшін нақты шаралар қабылданды. Келесі дүйсенбі, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқуды оффлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз», -деді Ералы Тоғжанов.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.