Ғылымға салынған инвестиция көлемі өсуде

619

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жылдың алғашқы төрт айында ғылымға салынған инвестицияның көбі кәсіпорындар бюджетінен алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттың мәліметі бойынша, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке салынатын инвестиция көлемі қаңтар-сәуір аралығында 15,9 млрд теңге болған. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 62,6% көп.

«Салаға салынған қаржының тең жартысынан астам негізінен үш өңірге тиесілі. Бұл көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бірінші орында, Алматы екінші орында тұр. Елордада ғылымға салынған инвестиция бір жылдың ішінде 2 есе өссе (3,3 млрд теңге), Алматыда былтырғы күйінде қалған (2,8 млрд теңге). Алғашқы үштікте Қызылорда облысы түйіндеп тұр. Бір жылда бұл өңірде ғылымға бөлінген қаржы 3 есе артып, 2,6 млрд теңге болған», - деп жазады Finprom.kz.


Ал Қостанайда ғылымға арналған бюджет бір жылда 8 есе өсіп, 2,6 млрд теңгеге жеткен.

«Осынша қаржының негізгі көзі – кәсіпорындардың өзі. Олардың қаңтар-сәуір аралығында ғылымға салған инвестициясы 14,6 млрд теңге болды. Одан кейін банктермен басқа да қаржы институттарынан алған несие, борыштар тұр – сәйкесінше 1,257 млрд және 157,1 млн теңге. Жергілікті бюджеттерден 4 айда ғылымға 56,6 млн теңге ғана бөлінді», - деп жазылған материалда.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.