Қазақстан мектептерінде бұдан былай ата-аналар жиналысы өткізілмейді

596

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептерде ата-аналар жиналысының форматы өзгеріп жатқанын айтты. Оның ойынша, барлық ата-аналарды бір сыныпқа жинап, балалардың үлгерімін талқылаудың қажеті жоқ,- деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ата ана

"Мектептерде ата-аналар жиналысын өткізу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Өткен жылы ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу тапсырылды. Бұрынғыдай барлық ата-аналарды сыныпқа жинап, баланың үлгерімі мен мінез-құлқын талқылаудың қажеті жоқ. Басқа ата-ананың көзінше басқа біреудің баласын талқылауға болмайды. Әрбір ата-анаға баласының үлгерімі мен мінез-құлқы туралы ақпарат берілуі керек. Әрине, сіздің көзіңізше баласының үлгерімін талқылайтындықтан оның ата-анасы мектеп жиналыстарына келгісі келмейді", - деді министр.

Аймағамбетов мұғалімдердің ата-аналарға балаларының қай пәнге көбірек қызығатыны және одан әрі нені оқуы керектігі туралы бөлек хабарлауы керектігін айтты.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.