Еліміздің ЖОО оқытушылары қостанайлықтарға біркүндік жалақысын аударды

432

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://kgd.gov.kz/Еліміздің ЖОО оқытушылары қостанайлықтарға біркүндік жалақысын аударды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінгі ғылыми халықаралық шара - Ахмет Байтұрсынұлы және оның мұрасына арналған кешенді шараның бірі ғана. Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай туған жері Қостанай өңіріне Мемлекет басшысының сапары жоспарланып, Ахмет Байтұрсынұлына арналған ауқымды шара өтуі керек еді. Өкінішке қарай, аталған аймақта өрт шығып, жағдайды естіп-біліп жатырсыздар. Соған байланысты жоспарланған шара кейінге қалды», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елордада өтіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына арналған ғылыми-практикалық халықаралық конференцияда.


Сондай-ақ, министр Қостанайдағы төтенше жағдай бойынша ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары бейжай қалмағанын тілге тиек етті.

«Біздің жоғары оқу орындары Қостанайдағы жағдайға байланысты бірлесіп, қолдау көрсетіп жатыр. Бірқатар ЖОО-лардың жанынан жедел штаб құрылды. Нәтижесінде 10 тоннадан астам азық-түлік жиналып, қостанайлықтарға жөнетілді. Одан бөлек, жоғарыда аталған және тағы бірқатар өңір университеттерінің оқытушылары өздерінің біркүндік жалақысын Қостанайға көмек ретінде бөліп отыр. Жоғары білім қостанайлықтармен бірге, қолдан келгенше қолдау көрсетеміз», - дейді ол.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.