МҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА 497 ОҚУ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

534

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүгінде елдегі 78 жоғарғы оқу орнында 1,5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат білім алуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Айта кетерлігі, биыл алғаш рет мүгедек жандар квотамен толық қамтылып, 497 грант берілді. Бұл жайында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан болатын.

Оның айтуынша, елде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат болса, олардың көбі жоғары білімге, ғылыммен айналысуға құштар. Сол себепті, инклюзивті білім беру саласын дамыту қажет. Жоғары оқу орындарында мүгедек жандар үшін толыққанды қолжетімділік қамтамасыз етілмеген. Алдағы уақытта әр университет пен ғылыми-зерттеу институтында аудит жүргізіледі.

"Біздің мақсатымыз – инклюзия принциптерін кезкелген азаматымызға жоғары білімге және ғылымға мүмкіндікті ашу. Көзі көрмейтін талапкерге ҰБТ тапсырғанда жағдай жасалмаған. Сол кісіге көмектесетін ҰТО қызметкерлері де жоқ екен. Алдағы уақытта жоғары білім саласына енгізетін боламыз" - деді  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.