Қызылордада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтіп жатыр

171

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың, құқық бұзушылықтың, суицид пен отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтіп жатыр,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Осы мақсатта бүгін Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің психологы Г.Нетбаева №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернатына барып оқушыларға отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты реттеу, құқықбұзушылықтың алдын алу, суицид жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Ата-анамен қарым-қатынасты реттеу, тұлғааралық байланыс, отбасындағы кикілжіңді болдырмау сынды мәселелер сөз болған жиында психолог оқушыларға түрлі кеңестер беріп, сұрақтарына жауап берді.

Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін ортасы. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды.


«Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Ал осы қағидаларды әр балаға түсіндіру — аса маңызды мәселе. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.