Қызылордада биыл 200 балаға иппотерапиямен оңалту қызметтері көрсетілді

115

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада биыл 200 балаға иппотерапиямен оңалту қызметтері көрсетілді,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен бүгінгі брифингте Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Ибраева аймақта биылғы жылы 200 балаға иппотерапиямен оңалту қызметтері көрсетілгенін айтты. 

 

«Ерекше қажеттілігі бар балаларға қосымша оңалту қызметтерін көрсету мақсатында өңірімізде 2017 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде иппотерапиямен оңалту қызметі жүзеге асырылуда. Осы жылы 200 балаға иппотерапиямен оңалту қызметтері көрсетілді. Жүргізілген оңалту шаралары өз нәтижесінде шілде және қыркүйек айларында Шығыс Қазақстан облысында ат спорты бойынша өткен республикалық Паралимпиадалық жарысқа қатысқан иппотерапиямен оңалту қызметін алушы Айару Алтынбек 3 орынды, Ерасыл Марат 2 орынды иеленді», - дейді Айгүл Ибраева.

 

Айта кетейік, биылғы жылы мүгедектігі бар адамдар мен балаларды әлеуметтік қолдауға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуге облыстық бюджеттен 12,7 млн. теңге бөлінген. Қаралған қаражат арқылы «Қызылорда облысының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен жасалған шарт негізінде мүгедектігі бар адамдар мен балалардың қатысуымен спорт жарыстарын, фестиваль, кино, музей, театр әлеміне, тарихи орындарға саяхат жасау іс-шаралары өткізілуде. Сондай-ақ 3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күніне орай мерекелік іс-шаралар да ұйымдастырылғалы отыр.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.