Қазақстандық құтқарушылар Түркияда медициналық көмек көрсету пунктін ашты

382

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің дәрігерлері Түркия Республикасының Газиантеп қаласында медициналық көмек көрсету пунктін ашты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмысын жүргізу үшін Түркияға жіберілген Қазақстан құтқарушыларының құрамында Апаттар медицинасы орталығының мамандары бар.

Дәрігерлер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін пневмокаркасты модуль орнатты. Ол – тұрғындарға білікті көмек көрсетуге арналған далалық медициналық пункт. Қабылдауды апаттар медицинасының білікті дәрігерлері жүргізуде.

Газиантеп қаласының тұрғындарын тәулік бойы қабылдау барысында Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері – жиырмаға жуық науқасқа, олардың ішінде екі балаға консультациялық және білікті медициналық көмек көрсетті. Адамдар осы пунктке көбінесе жылынуға, туыстары мен жақындарын құтқарушылар тауып алғанша күтуге келеді. Өйткені көпшілігі баспанасыз қалды.

ТЖМ пневмокаркас модульдерін өткен жылы сатып алғанын атап өткен жөн. Аталған далалық медициналық госпиталь ірі зілзалалар мен апаттар туындаған кезде орналастыруға арналған. Мұндай мобильді аурухана толық орналастырылған кезде күніне 200-ге жуық зардап шеккен адамды қабылдай алады.

Өз өмірін қауіп-қатерге тігіп Түркиядағы зілзала орнында ауыр жағдайда қызмет атқарып жатқан құтқарушылардың да денсаулығын сақтау ТЖМ медицина қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі күні Түркиядағы ТЖМ жеке құрамының денсаулығы жақсы, олар психологиялық тұрғыдан сау, - делінген министрлік мәліметінде.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.