Биыл Сыр өңірінде медициналық нысандардың құрылысы басталмақ

2 082

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Биыл Қызылорда облысында 3 медициналық нысан салынбақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында көпсалалы аурухана мен Қан орталығының құрылысы жалғасуда. Мұнан бөлек, Шиелі ауданының Досбол би ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында хабарлады.


«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде аймақтарда медициналық нысандар құрылысын салуды жалғастыру көзделген. Оның ішінде Қызылорда және Павлодар облыстарында көпсалалы аурухана, Қызылорда қаласында Қан орталығының құрылысын жалғастыру жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.


Аталған жоба аясында Қызылорда облысында алдағы 3 жылда 27 денсаулық сақтау нысаны салынбақ. Атап айтқанда, 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет құрылысының тізімі Үкімет қаулысына енгізілді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.