Қызылордада жаңа емхана бой көтеріп, халық игілігіне берілді

1 662

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда қаласында жаңадан «Q-Med company group» емханасы ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



«Q-Med company group» емханасы халыққа жоғары сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсетеді. Орталықтың негізгі қызметі ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету болып табылады.


«Q-Med company group» емханасының ашылу салтанатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов және медицина саласының ардагерлері сөз сөйледі.


Қазіргі таңда емхана 60-тан астам қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. Айта кету керек, оның ішінде орта буынды медициналық қызметкерлер – Қызылорда мемлекеттік медицина колледжінің үздік түлектері.


Сондай-ақ, облыс көлемінде науқастарға аса қажет болып табылатын заманауи медициналық құралдармен жабдықталған бұл орталық қазіргі уақытта 6000-нан астам тұрғынға қызмет көрсетуде және алдағы уақытта 20 000 халыққа қолжетімді сапалы медициналық қызмет беруді жоспарлап отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.