Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты

1 141

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ведомствоға сілтеме жасап.


«Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін талдауды ескере отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар кіреді: дәке таңғыштар, эластикалық бинттер, таңғыш пакет, медициналық бұласыр, доғал қайшы, металл, өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы, таңуға арналған бандаж, құтқару көрпесі, бір реттік мұз пакеті, ысқырық, шам, дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр, блокнот, қарындаш, дымқыл майлықтар, қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар», - деп жазылған министрлік хабарламасында.


Дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауынша толықтырылады.


Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықпен қоса, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты жарақатты шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.


Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.