Қызылордадағы модульдік инфекция орталығының ғимараты облыстық онкология орталығының меншігіне берілді

1 556

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Облыстық онкология орталығы биылғы 19 шiлдеден бастап модульдік инфекция орталығында халыққа қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Онкология орталығы 2002 жылдан бері  пациенттердің стационарлық ем қабылдауына бейімделмеген облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілік-техникалық бөлімінде орналасқан болатын. Ендi орталық кең әрi науқастардың ем алуына толық жағдай жасалған 200 төсек-орынға арналған жаңа ғимаратта жұмысын жалғастырмақ.


Орталықтың емхана бөлімі дәрігер кеңесін алуға және жоспарлы ем қабылдауға жолданған пациенттерді қабылдайды.


Жаңа ғимараттың әр палатасы 2-3 ем алушыға арналған. Арнайы санитарлық тораптармен (әжетхана, жуыну бөлмесі), желдеткіш, орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген.


Жансақтау бөлімі 6-дан 12-16 төсек-орынға дейін кеңейтілген. Жабдықталған 2 операциялық  залы бар. Ғимарат қосымша жаңа компьютерлік томограф, заманауи рентген аппараты, видеоэндоскопиялық аппаратпен жабдықталған.


 Айта кетейік, жаңа ғимарат Берке хан 49 "А" мекен-жайында орналасқан

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.