«Қызылшамен ауырғандардың саны 20 мыңға жетті» -Сенатор
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазір елімізде 20 мыңға жуық адам қызылшамен ауырып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан осы жұқпалы дертпен сырқаттану деңгейі бойынша Эфиопиядан, Пәкістаннан, Конгодан асып түсіп, Йемен және Үндістанмен бір қатарда тұр. Сенатор Бибігүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында қызылшаға қарсы егу мәселелерін көтерді.
Депутат Қазақстанда вакцинация проблемасы бір сәтте пайда болмағанын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, жұқпалы дерттің басты себебінің бірі – екпе бағытындағы жұмыстың әлі жүйелі, жоспарлы жасалмай келе жатқандығы.
Депутат сондай-ақ кейбір әлеуметтік-экономикалық топтарда вакцинациямен қамтудың төмендігін атап өтті және екпе жасалуы туралы мәлімет-көрсеткіштер бойынша есептердің дұрыстығына күмән келтірді. Сенатор Үкіметтің бұл мәселені шешуге жылдар бойы немқұрайлы қарағанына наразылығын жеткізді және жағдайды шешуге бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты.
Қаз
Рус






