Pfizer вакцинасын бірінші кезекте 12-18 жастағы балаларға салуды жоспарлап отырмыз

246

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Денсалуық сақтау министрі Алексей Цой "Время" басылымына сұхбатында еліміздегі 12-18 жастағы балаларға вакцина салу мәселесін сөз етті. 

Алексей Цойдың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі қазан айынан бастап Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді етпек. Министр аталмыш вакцина бірінші кезекте балаларға салынады деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.


 "Бірінші кезекте біз Pfizer вакцинасын 12-18 жастағы балалардың иммунитетін қалыптастыру үшін қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл осы жастағылар үшін қолдануға рұқсат етілген жалғыз вакцина. Статистикаға сүйенсек, бізде осы жастағы балалардың саны екі миллионнан сәл асады", - дейді Цой.


 Осы орайда, министр балаларға вакцина салдыру ерікті түрде жүзеге асырылатынына баса айтты. 


"Балаларға вакцина тек ата-анасының келісімімен жасалады. Бәрі келісе қоймауы да мүмкін. Егер вакцина артылып қалса, біз оны өзге топтарға да салатын боламыз. Бірақ, ең алдымен, балалар. Олар әзірге қорғансыз. Оларды қазірден қорғау үшін ата-аналары вакцина салдырған абзал", - дейді Алексей Цой. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.