Инфекционист дәрігер: Осылай жалғаса берсе, бір күнде бір ауданды жоғалтамыз

269

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Дәрігерлер вакцина індеттен 100% қорғамаса да, ауыр халге түсуден сақтайды дейді. Мамандардың айтуынша, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер – екпе алмағандар.

"Бүгінгі статистиканы қарасаңыз, Қазақстанда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония мен коронавирустан 149 адам қайтыс болды. Барлық науқас вакцина алмаған. Бұл дегеніміз тұтас 5 қабатты үйдің тұрғындары қайтыс болды деген сөз. Егер күнде қайтыс болғандар саны осылай өсе берсе, бір күнде бір ауылды, ауданды жоғалтамыз. Ол біреудің ата-анасы, біреудің баласы", – дейді инфекционист дәрігер Сәуле Атығаева. 

Ал америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ екенін мәлімдеді. 

"Бүгінгі таңда әлемде 4 миллиард түрлі доза вакцина салынған. Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі ауру тудырмайды", – дейді Алмаз Шарман.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.