Дәрі-дәрмектің бағасын енді мобильдік қосымша арқылы бақылауға болады

2 554

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото - MobilaserҚР Денсаулық сақтау министрлігі Азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобилдік қосымшасын пайдалануды ұсынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Dari.kz қалай жұмыс істейді?


Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін келесілер жеткілікті:


1.⁠ ⁠Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеңіз.

2.⁠ ⁠Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберіңіз.


Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.


Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:

•⁠ ⁠Жеке тұлғалар: 70 АЕК.

•⁠ ⁠Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.

•⁠ ⁠Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.

•⁠ ⁠Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.

•⁠ ⁠Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.


Dari.kz қосымшаны App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.