ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНА 22 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІНІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

2 710

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіШымкентте қалалық станция, жедел медициналық жәрдем қосалқы станциялары, емханалар мен ауруханалар 22 бірлік санитариялық автокөліктің кілтін алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындары мен қонақтарына шұғыл медициналық көмекті барлығы 106 бригада көрсетеді, оның ішінде 28 дәрігер және 78 фельдшерлік бригада жедел медициналық жәрдем станциясының 4 филиалы мен 10 қосалқы станция базасында жұмыс істейді.

Амбулаториялық деңгейдегі шақырулардың төртінші санатына 58 қалалық емхана қызмет көрсетеді, онда биыл фельдшерлік бригадалар саны артты.

Төртінші санаттағы шақыртуларды қамтамасыз ету үшін осы ұйымдарда 26 бригада жұмыс істейді, 2025 жылы жедел жәрдем қызметіне тағы 25 автомобиль ұсыну жоспарлануда.

Бүгінгі таңда ресми статистика бойынша үшінші мегаполистің халық саны 1 244 415 адамды құрайды. Жыл сайын қала тұрғындарының демографиялық өсуі орта есеппен 40 мың адамды құрайды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.