Қазақстанда былтыр 368 мыңнан астам сәби өмірге келді: басым бөлігі – ұлдар

2 702

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comҰлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда былтыр 12 ай ішінде 368 670 сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Дүниеге келген сәбилердің арасында ұлдар – 190 213, қыздар – 178 457. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан (1000 тұрғынға 25,05 адам), Маңғыстау (24,47) облыстарында және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.

«Аталған уақыт ішінде 133 592 адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,57), Шығыс Қазақстан (11,29) және Қостанай (10,18) облыстарында байқалды, бұл осы аймақтардағы халықтың жас құрылымына байланысты. 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда елге келгендер (ықтиярхат алған) саны 29 948 адамды құраса, елден 12 784 адам кеткен. Көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 17,9% көбейсе, елден кеткендер саны 20,4% азайған», - делінген бюро статистикасында.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.