Дәрігерлер жүрегі 10 минут бойы соқпай қалған баланы аман алып қалды

2 449

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comАстаналық дәрігерлер алты айлық баланы екі мәрте ажалдан арашалап қалды. Сәби шәугімдегі ыстық суға күйіп, жүрегі тоқтап қалған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әдетте жүрегі тоқтаған науқастың жағдайын қалпына келтіру үшін тек төрт-бес минут уақыт беріледі. Ал бұл жағдайда сәбидің жүрегі 10 минут соқпаған, алайда реаниматологтар оны қайта тірілтіпті.

Жансақтау бөлімінен кейін бірнеше күн бойы баланың өмірі қыл үстінде болған. Бір апта аппарат арқылы тыныстап, күйік терапиясын қабылдаған сәбидің жағдайы қазір тұрақты.

"Алғашқыда тамырын таба алмадық. Соған байланысты жүрегіне адреналин енгізуімізге тура келді. Өйткені шұғыл жағдайда тамырын табу қиын, тамыр соғысы тым баяу болғандықтан осындай шара қабылдауға тура келді", - деді Астана қаласы №2 көпбейінді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбеков.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.