Денсаулық сақтау министрлігі маңғыстаулық мектеп оқушыларының жаппай улануын тексеріп жатыр

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: mel.fmДенсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Манаш жалпы білім беретін мектебінің 12 оқушысы арасында тамақтан улану дерегі бойынша тергеу басталған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Санитарлық-профилактикалық шаралар жүргізу туралы қаулы шығарылып, әкімдік жанынан штаб құрылды. Балалардың улануына байланысты Бейнеу ауданы полиция басқармасына, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне, білім басқармасына, аудандық және облыстық прокуратураға хаттар жіберілді. Бейнеу ауданы полиция басқармасының хабарламасына сәйкес, мектеп асханасы мөрленіп, жабылды.

Тексеру барысында Маңғыстау облысы Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары асханадан азық-түлік, су, дезинфекциялық құралдардан сынамалар алды және қызметкерлерді ішек инфекциясын тасымалдаушылыққа тексерді. Сынама нәтижелері әзірге өңделіп жатыр.

Уланған жасөспірімдер амбулаторлық ем қабылдап, дәрігерлердің бақылауында. Олар ауруханаға түскен кезде жүрек айну, әлсіздік, іштің ауырсынуы, сұйық нәжіс сияқты шағымдарын білдірген. Қазіргі жағдайлары қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Зардап шеккен оқушылардың ата-аналары аурудың себебін мектеп асханасындағы сапасыз тамақпен байланыстырады. Бұл асханада бастауыш сыныптың 417 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.