Дәрігерлер 43 жастағы адамның жүрегін ауыстырып берді

2 563

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: University medical centerКардиология және ішкі аурулар институтының мамандары донорлық жүрек трансплантациясын үшінші мәрте сәтті жасады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының Орталық қалалық ауруханасына түскен 40 жастағы ер адам донор болды, дәрігерлер пациенттің ми өлімін растады.

Жүрек Алматы облысы Талғар қаласының тұрғыны 43 жастағы ер адамға трансплантацияланды. Ол ишемиялық кардиомиопатияға, жүре пайда болған жүрек ақауына, митральды қақпақша қызметінің жеткіліксіздігіне, 26% шығарылу фракциясы төмендеген созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне,  2022 жылы инфарктқа шалдыққан. Науқаста аздаған дене қимылы кезінде ентігу, жүректің дұрыс жұмыс істемеуі, жалпы әлсіздік, бас айналу шағымдары болды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.