Жаз мезгілінде менингит қаупі артады: белгілері мен алдын алу жолдары

2 273

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар ҚазанғаповАптап ыстық пен табиғат аясындағы демалыс бейқамдыққа себеп болмауға тиіс. Бұл туралы Алматының №1 қалалық клиникалық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Зүлфия Еламанова ескертті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаз - суға шомылатын, балалар лагерьге баратын, белсенді демалатын маусым. Дәл осы кезеңде менингит, яғни ми мен жұлын қабынуы жиілей түседі. Бұл дертке балалар мен жасөспірімдер бейім келеді, көбіне оның вирус түрімен ауырады. Дәрігер менингиттің белгілерін атады.

Жазда қауіп неге артады?

  • Ластанған су қоймаларында шомылу;
  • Балалар лагерьлеріндегі, ойын алаңдарындағы тығыз қарым-қатынас;
  • Аптап ыстықтан иммунитет әлсіреуі;
  • Гигиеналық талап сақталмауы.

Ескерусіз қалдыруға болмайтын белгілер:

  • Кенет басталған қатты бас ауруы;
  • Құсу;
  • Жарыққа шыдай алмау;
  • Жоғары дене қызуы, тырысу;
  • Еңкейе алмау;
  • Балаларда әлсіздік байқалуы, жылау, тамақ пен судан бас тарту, еңбек тұсы ісінуі.

Қалай қорғануға болады?

  • Қолды жиі жуып, тазалықты сақтаңыз;
  • Күмән тудыратын суда шомылмаңыз;
  • Иммунитетті күшейтіңіз;
  • Қауіп төнген жағдайда екпе салдырыңыз;

Алғашқы белгілер байқалса, бірден дәрігерге қаралыңыз!

"Менингит өте жылдам дамиды. Оны ерте анықтау және дер кезінде емдеу науқасты аман алып қалады", - деді дәрігер.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.