Қызылордада егіздер бір-біріне бүйрегін салды

2 264

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасыҚызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бірінші науқас – 1979 жылы туған әйелге өзінен үш жас үлкен туған ағасы донор болды. Екінші трансплантация 1978 жылы туған ер адамға жасалды.

– Науқасқа егіздің сыңары, ағасы бүйрегін берді. Отаны аурухана бас дәрігерінің орынбасары, Ербол Серікұлы А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының бөлімше меңгерушісі Ислам Мададовтың командасымен бірге жасады. Операция сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа, тиесілі ем қабылдап жатыр, - делінген хабарламада. 

Былтыр ауруханада бүйрекке 6 трансплантация жасалды. Биыл дәрігерлер бірінші рет бауыр ауыстырды. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.