Дәріханаларда вирусқа қарсы препараттар тапшы

2 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Коллаж: Амангелді Қияс, «ЕQ»Астанада бірқатар вирусқа қарсы препараттардың тапшылығы байқалып, қала тұрғындары әлеуметтік желілерде дабыл қағуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың айтуынша, сұранысы жоғары «Флувир» және «Осельтамивир» препараттарын еркін сатылымнан табу мүмкін болмай отыр. Дәрілер бар деген санаулы дәріханаларда олардың бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Тұтынушылардың сөзіне қарағанда, бұрын шамамен 3 мың теңгеге сатылған препараттар бүгінде 6 мың теңгеге дейін көтерілген. Кейбір жағдайларда бағаның үш есеге дейін артқаны туралы мәліметтер бар.

Қала тұрғындары қажетті препараттардың қолжетімділігін I-teka сервисі арқылы бақылап отырғандарын айтады, алайда онда да жиі «жоқ» деген белгі көрсетіледі. Кейбір дәріханаларда аталған вирусқа қарсы құралдар тек рецептпен ғана беріледі.

Препараттардың тапшылығы елордада жоғары температурамен өтетін ауру жағдайларының көбеюімен тұспа-тұс келіп, вирусқа қарсы дәрілерге деген сұраныстың күрт артуына себеп болған.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.