Медициналық қызметкерлер видеожетонмен қамтамасыз етілді

2 545

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: narkesken.kzШымкенттегі жедел жәрдем бригадаларының фельдшерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында видеожетондармен жабдықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы құрылғылар SOS батырмасымен және геолокация жүйесімен қамтамасыз етілген. Маманның кезекшілігі аяқталған соң, видеожетонға жазылған материалдар автоматты түрде орталық базаға жүктеледі. Пилоттық жоба қызметкерлердің қауіпсіздігін арттырып, жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Биыл елімізде 50-ден аса медицина қызметкеріне шабуыл жасалғаны мәлім. Жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл шақыртуларға асығып бара жатқанда түрлі қауіп-қатерге жиі тап болады. Сол себепті жаңа құрылғылар ақ халаттылардың қорғанысын күшейтіп, оқиғаларды алдын алуға көмектеседі.

Қала билігінің мәліметінше, жыл соңына дейін жедел жәрдем қызметкерлерін видеожетондармен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.