Мас күйіндегі науқас хирургті балағаттады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақмола облысында аудандық аурухана дәлізінде дәрігерге дөрекілік көрсеткен ер адам сот шешімімен бес тәулікке қамауға алынды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кезінде мас күйіндегі науқас пациенттер мен балалардың көзінше хирургқа қарсы балағат сөздер айтып, тәртіпті бұзған. Дәрігер оған ескерту жасаса да, ер адам агрессиясын тоқтатпаған.
Сот материалдары бойынша, кінәні мойындаған азаматтың алкогольдік мас күйде болуы жеңілдететін фактор ретінде есептелді. Ал қоғамдық орында балағаттау және тәртіпке қарсы әрекет ету – ауырлататын жағдай деп танылды.
Сот шешімі бойынша, айыпталушы бес күнге қамауға алынып, оған алкогольдік ішімдікті пайдалануға тыйым салынды.
Қаз
Рус






