Қызылорда облыстық ауруханасында 10 мыңға жуық ота жасалды

2 546

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Көпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасыКөпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасында жоғары технологиялық медициналық көмектің бірнеше түрі көрсетіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылы мұнда 20 мыңнан астам науқас ем қабылдады. 1 бауыр, 5 бүйрек трансплантациясы жасалды. Дәрігерлер жуырда ғана облыста алғаш рет бір күнде үш науқастың бүйрегін ауыстырып, олардың өмірін сақтап қалды. Сондай-ақ былтыр ауруханада 10 мыңға жуық ота сәтті орындалды.

— Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Сонымен қатар медициналық мекеменің 5 дәрігері Германия, Ресей және Беларусь мемлекеттерінде біліктілігін арттырды, — делінген хабарламада.

Аурухананың акушерлік бөлімінде бір жылда 1677 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 36 егіз және 1 үшем бар. Ал жансақтау және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде 623 нәрестеге медициналық көмек көрсетілді. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.