Қазақстанда медицина саласында ҚҚС қолдану тәртібі жеңілдетіледі

2 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Zakon.kzҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласында қосылған құн салығын (ҚҚС) қолдану тәртібін реттеу және нақтылау мақсатында Үкімет қаулысының жобасын әзірледі,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ұсынылып отырған өзгерістер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды импорттау және өткізу кезінде салық нормаларын бірізді әрі ашық қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.

"Өзгерістердің негізгі мақсаты – дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және олардың құрамдас бөліктерінің тізбесін Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) өзекті кодтарына сәйкестендіру. Бұл тауарларды сыныптау кезінде туындайтын алшақтықтарды болдырмауға және нарық қатысушыларының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді", – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар, жоба аясында қағидалар мен тізбелерге қатысты ескертпелердің тұжырымдары нақтыланады. Бұл нормаларды әртүрлі түсіндіруге жол бермей, оларды практикада дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжат 15- ші ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.