Медициналық қызмет сапасын арттыру жоспары бекітілді

2 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© BAQ.KZ архиві/ Артем ЧурсиновҚазақстан Республикасының Үкіметі 2026-2030 жылдарға арналған медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жоспар Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға бағытталған. Құжат медициналық қызметтердің сапасын бақылау мен басқарудың деректерге, цифрлық құралдарға және жасанды интеллект технологияларына негізделген жаңа моделін енгізуді көздейді. 

Жүйені дамытудың негізгі бағыттары:Фото:© BAQ.KZ архиві/ Артем Чурсинов

-медициналық қызмет саласындағы реттеуші құралдарды жаңғырту;

-жасанды интеллект негізінде сапа сараптамасының жаңа моделін енгізу және Ұлттық сапа институтын құру;

-кәсіби медициналық қауымдастық пен пациенттердің рөлін күшейту;

-сапаны басқару жүйесін цифрлық трансформациялау.

2028 жылдан бастап ТМККК және МӘМС аясында қызмет көрсететін медициналық ұйымдар үшін міндетті аккредитация енгізу жоспарланған. Сонымен қатар лицензиядан кейінгі бақылау процестері цифрландырылмақ. Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы базасында Ұлттық сапа институты құрылып, оның қызметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы техникалық қолдауымен жүзеге асырылған. Жоспарды іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай медициналық қызметтердің сапасын арттыру, медициналық ұйымдар жұмысының ашықтығын күшейту және басқарушылық шешімдерді деректер негізінде қабылдау көзделіп отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.