13 жастағы бала өлімі: салғырттық па, әлде жүйелік олқылық па?

2 578

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотАурухана – үміт сыйлайтын орын еді, бірақ бұл жолы қайғылы оқиғаға айналды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  Sn.kz  порталына сілтеме жасап.

Ақтаулық 13 жастағы жасөспірімнің өлімі қоғамда үлкен сұрақ туғызған. Туыстарының айтуынша, баланы алғаш тексерген дәрігерлер толық қарамай, үйіне жіберген. Арада уақыт өткенде оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Кейін белгілі болғандай, соқырішегі жарылып, инфекция бүкіл ағзаға тараған.

Бала тек жағдайы ауырлаған соң ғана Алматыдағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Мамандар инфекция ота кезінде жұққан болуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.

Алайда бұл іске қатысты медицина қызметкерлері тек сөгіспен шектелгені қоғамның ашуын туғызды.

Қайғылы жағдай денсаулық сақтау саласындағы жауапкершілік мәселесін тағы да көтерді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.