19 адам сушидан уланып, ауруханаға түскен

2 526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Gemini көмегімен жасалдыАлматы облысы Боралдай кентінде 19 адам сушидан уланып, ауруханаға түскен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Олар "Алатау" базары аумағында орналасқан Sushi Time қоғамдық орнында тамақтанған.

Оқиға туралы алғашқы хабарламалар түскен сәттен бастап санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, денсаулық сақтау мекемелері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зертханалық сараптама жасау үшін тағам өнімдерінен сынамалар алынып, материалдар уәкілетті органдарға жолданды", - дейді департамент.

Оқиғаның барлық мән-жайы толық анықталғанға дейін Sushi Time қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылған.

Нақты себептері зертханалық зерттеулер мен тексеру нәтижелері шыққаннан кейін белгілі болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.