Наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған 89 жүргізуші анықталды

2 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:©opennews.kz / ЖИТүркістан облысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған 89 адамның көлік жүргізгені анықталған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімі бар 89 адамның жүргізуші куәлігі болғанын және олардың көлік тізгіндегенін анықталған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұл азаматтар заң талаптарына қарамастан көлік құралдарын басқаруға жіберілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты аурулары анықталған әрі медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға көлік басқаруға рұқсат етілмейді. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде соттар аталған 89 адамның көлік құралын басқару құқығын тоқтатқан. Сонымен қатар прокурорлық ден қою шараларының осылайша заң бұзушылыққа жол берген жауапты лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.