Президент зиян тағамдардың жарнамасын шектеуді тапсырды

2 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИПрезидент Үкіметке зиян тағамдардың жарнамасын шектеу мәселесін жан-жақты тексеруді тапсырды. Ол балалардың фастфуд пен тәтті тағамдарға әуестенуіне жарнаманың да әсері бар екенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың айтуынша, қазіргі кезде дәрігерлердің бақылауына сәйкес, қазір қант диабетімен ауыратын шамамен 7 мың бала бар.

“Дәрігерлердің бақылауына сәйкес, қазір қант диабетімен ауыратын шамамен 7 мың бала бар. Бұл көрсеткіш азаймай, керісінше өсіп келеді. Көптеген ел балаларға бағытталған, құрамында майы, қанты және тұзы көп тағамдардың жарнамасына тыйым салады немесе оны шектейді”, – деді ол.

Президент бұл мәселені үкімет жан-жақты зерттеуі қажет екенін жеткізді.

“Бұл мәселе оңай емес. Мұнда пікірталас тудыратын, медициналық және саяси тұрғыдан да күрделі әрі нәзік мәселелер бар. Дегенмен үкімет бұл мәселені ең алдымен балаларымыздың денсаулығын ескеріп, жан-жақты зерттеуі керек”, – деді Тоқаев. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.