Асқазан обырының 5-себебінің бірі - тәтті сусын

2 511

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҒалымдар қант қосылған сусындарды күнделікті тұтыну асқазан обырының даму қаупін едәуір арттыратынын анықтады. Зерттеу нәтижелері Gastro Hep Advances ғылыми журналында жарияланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Mass General Brigham онкологиялық институтының ғалымдары ұзақ мерзімді бақылауға алынған 112 284 адамның деректерін талдаған.

Мамандар бірнеше онжылдық бойы еріктілердің тамақтану рационын, өмір салтын және денсаулық жағдайын бақылаған. Зерттеу кезеңінде 278 адамға асқазан обыры диагнозы қойылған.

Талдау нәтижесінде күн сайын кемінде бір порция тәтті сусын ішетін ересектерде асқазан обырының даму ықтималдығы айына бір реттен сирек тұтынатын адамдармен салыстырғанда 2,45 есе жоғары болғаны анықталды.Ғалымдар фруктозаны көп тұтыну мен аурушаңдықтың артуы арасында тікелей байланыс барын да анықтады. Ал жасанды тәттілендіргіштер қосылған сусындардың ағзаға мұндай кері әсері байқалмаған.

"Бұл – АҚШ тұрғындары арасында қант қосылған сусындарды тұтыну мен асқазан обыры арасындағы байланысты көрсеткен алғашқы зерттеу. Асқазан обыры әлемде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің негізгі себептерінің ішінде бесінші орында. Алайда диетаның бұл аурудың дамуына қалай ықпал ететіні туралы мәліметіміз аз", – деді зерттеудің аға авторы, гастроэнтеролог әрі эпидемиолог Эндрю Т. Чан.

Зерттеуде қант қосылған сусындарға газдалған сусындар, пунш, лимонад және спорттық сусындар жатқызылған. Ал жасанды тәттілендіргіштері бар сусындар ретінде калориясы төмен газдалған сусындар қарастырылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.